Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі

МТК түсу үшін келесі құжаттар қажет:

Аттестат, куәлік немесе диплом (түпнұсқа).

Суреттер 3 х 4-4 дана..

Ф – 86 медициналық анықтамасы + флюорография суреті

Колледжге қабылдау:

11 сынып негізінде ҰБТ сертификатының балдары немесе түсу тестілеуінің нәтижелері бойынша жүзеге асырылады;

9-сынып базасында-тестілеу нысанында өтетін түсу емтихандарының қорытындылары бойынша (жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша).

Колледж түлектері мемлекеттік үлгідегі диплом алады және Қазақстан мен ТМД елдерінің жоғары оқу орындарына түскен кезде ұқсас мамандықтарға жеделдетілген оқуға қабылданады (3 жыл).

Оқытуды өз пәнін білетін, өндірістік еңбек мектебінен өткен, оқыту әдістемесін меңгерген жоғары білікті мамандар жүргізеді. Оқытушылардың 40% жоғары және бірінші санатқа ие.